432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда қыркүйекте өтуі тиіс президенттік сайлау кейінге шегерілді

  • 192
Боливияда қыркүйекте өтуі тиіс президенттік сайлау кейінге шегерілді

Елде коронавирус өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті саяси шара тағы да кейінге шегерілді. Боливияда вирус жұқтырудың 65 мыңнан аса дерегі расталған. Екі жарым мыңға жуық тұрғын көз жұмды. 6 қыркүйекке жоспарланған саяси дода 18 қазанда өтеді. Былтыр күзде оппозиция сайлаудағы заң бұзушылықтар жайлы жария еткеннен кейін, Эво Моралес қызметінен кетуге мәжбүр болған. Індетке шалдыққандар қатарында сыртқы істер министрі, экономика министрі, орталық банк басшысы мен уақытша президент те бар. Одан бөлек, науқастар қатарында медициналық қызметкерлер де көп.

Сальвадор Ромеро, Боливия жоғарғы сайлау сотының президенті:

– Құрамына Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының мамандары кіретін ғылыми комитет елдегі эпидемиологиялық ахуалды зерттеп, сайлауды кейінге шегеруді ұсынды. Өйткені біз үшін ең бастысы – халықтың амандығы. Сол себепті президенттік сайлау 18 қазанға жоспарланып отыр. Ал қажет болса, шараның екінші кезеңі 29 қарашада өтеді.

Хабар 24 телеарнасы