425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент ЕО саммитінің шешіміне өзгерту енгізбек   

  • 226
  • UPD: 21:50, 24.07.2020
Еуропарламент ЕО саммитінің шешіміне өзгерту енгізбек   

Еуропарламент депутаттары Еуродақтың соңғы саммитінде қабылданған жеті жылдық бюджетіне өзгертулер енгізу бойынша қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған құжат енді депутаттарға еуропалық одақ кеңесіне төрағалық етуші ел – Германиямен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді. Жалпы саммитте қабылданған шешімін дауысқа салу тек екі айдан соң ғана өтеді. Депутаттардың дені ғылыми зерттеу жұмыстары мен жастарға арналған бағдарламаларға кететін шығынды қысқартуға қарсы. Еуропарламент басшысы Давид Сассоли одақтың ең жоғарғы заң шығарушы органына құқықтың үстемдік құруын бюджетпен байланыстыруы түсініксіз дейді.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Жаңа ресурстар тарту керек дегенге бәріміз бірауыздан келісіп отырмыз. Бізде нақты кесте де бар. Соған сәйкес қарыздан құтылуды қарастырып отырмыз. Бұл біздің одақ үшін тарихи қадам.

Хабар 24 телеарнасы