426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда COVID-19 құрбандарын еске алу күні белгіленді

  • 259
  • UPD: 12:06, 25.07.2020
Италияда COVID-19 құрбандарын еске алу күні белгіленді

Италияда 18 наурыз коронавирус құрбандарын еске алудың ұлттық күні болып жария етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті заң жобасын парламент депутаттары бірауыздан мақұлдаған. Құжат Сенаттың бекітуіне жіберілді. 18 наурыздың таңдалуы бекер емес. Өйткені биыл дәл осы күні вирус құрбандарының денесі тиелген әскери жүк көліктерінің легі Бергамо қаласынан маңайдағы өзге шаһарларға аттанған. Олар мәйіттерді жақын арадағы крематорийлерге жеткізген. Өйткені құрбандар санының көптігінен Бергамодағы крематорийлерде орын болмаған. Қайғылы рәсімнің бейнежазбалары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен тарап кеткен. Енді жыл сайын 18 наурызда Италияның қоғамдық  және жекеменшік мекемелерінде COVID-19 құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы