431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде жүк көлігінің жүргізушілері наразылық акциясын ұйымдастырды

  • 285
  • UPD: 13:52, 25.07.2020
Берлинде жүк көлігінің жүргізушілері наразылық акциясын ұйымдастырды

Оған мыңнан аса адам жиылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында тек Германия астанасының халқы ғана емес, өзге өңір тұрғындары да бар. Жүргізушілер қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, артынан Бранденбург қақпасының алдына жиылған. Салдарынан жолда кептеліс пайда болды. Наразылық акциясының қатысушылары осылайша, нарықтағы жосықсыз бәсеке мәселесіне көңіл аудармақ болған. Жергілікті фирмалар әдетте Шығыс Еуропадан келген жүк жүргізушілерді жалдайтын көрінеді. Өйткені олар өз қызметі үшін аз ақша алады. Салдарынан неміс жүргізушілері тапсырыссыз қалғандарын айтады. Олар «пандемия кесірінен онсыз да жұмыс азайды» дейді.

Андреас Шмидт, Жүк көлігі жүргізушілері одағының мүшесі:

- Біз Берлинде осымен екінші мәрте ереуіл ұйымдастырып отырмыз. Мәселен, Литва не Польшадан келген жүргізушілер орнатылған бағалардан аз ақша сұрайды. Біз оларға қарсы емеспіз. Дегенмен, Еуроодақ елдері тұрғындарының барлығының құқығы бірдей болу керек қой. Жалақысында да айырмашылық болмаған дұрыс. Кейбір әріптестеріміз айлап үйін көрмей жұмыс істейді. Сондықтан бұл жүйе әділетсіз деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы