420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропарламент одақ бюджетіне өзгерістер енгізуге ниетті

  • 202
  • UPD: 16:00, 25.07.2020
Еуропарламент одақ бюджетіне өзгерістер енгізуге ниетті dw.com

Еуропарламент депутаттары Еуроодақ саммитінде келісілген жеті жылдық бюджетке өзгерістер енгізу туралы қарар қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат еуродепутаттарға қазір ұйымға төрағалық етіп жатқан Германиямен келіссөз жүргізуге құқық береді. Саммитте одаққа мүше елдерге қаржы мемлекет демократияның негізгі қағидаларын сақтаса ғана бөлінеді деп бекітілген. Бірақ Еурокеңес басшысы Шарль Мишельдің ұсынысымен бұл мәселені бақылау жүйесі біршама жеңілдетілді.

Шарль Мишель, Еурокеңес төрағасы:

Біз Еуропа тарихында алғаш рет шығындарды қаржыландыру үшін ұжымдасып, несие алу туралы келісімге келдік. Сонымен бірге бюджетіміз климатты жақсартуға бағытталған іс-шаралармен байланыстырылып, заңның үстемдігін қорғауға бағытталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы