428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чили азаматтарға зейнетақы қорына салған қаржысының бір бөлігін алуға рұқсат берді

  • 255
  • UPD: 15:53, 25.07.2020
Чили азаматтарға зейнетақы қорына салған қаржысының бір бөлігін алуға рұқсат берді

Чили пандемияға байланысты азаматтарға зейнетақы қорына салған қаржысының бір бөлігін алуға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Себастьян Пиньера осындай заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес тұрғындар зейнетақы қорына жинаған қаржысының 10%-ін ала алады. Бұл қаражаттан 11 миллион адамның үміті бар. Шара адамдардың экономикалық қиындықтарды еңсеруіне көмектесу үшін қабылданды. Чили – Латын Америкасында індет ең көп тараған елдің бірі. Бұл мемлекетте вирусты жұқтырғандардың саны 341 мыңнан асқан. Билік елде індет бәсеңдей бастағанын айтады. Сантьяго қаласында қатаң карантин режимі жеңілдетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы