423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та бір тәулікте 74 мыңнан астам адамға вирус жұқты

  • 301
  • UPD: 19:48, 25.07.2020

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны азаймай тұр. Соңғы бір тәулікте вирус тағы 74 мыңнан астам тұрғыннан анықталып, дертке шалдыққандардың қарасы 4 миллион 100 мыңнан асты.

Аурудан қайтыс болғандардың қарасы да азаймай, кеселден күн сайын 1 мыңнан аса науқас жан тапсыруда. Дерттен көз жұмғандардың жалпы саны 145 мыңнан асқан. Індеттен ең көп жапа шегіп отырған Нью-Йорк, Калифорния және Флорида штаттары. Бұдан бөлек 18 штатта вирустың таралуы күшейе бастаған. Осыған байланысты билік елде жағдайдың нашарлай түсуі мүмкін екенін айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы