424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швецияда такси жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті

  • 317
  • UPD: 21:30, 25.07.2020
Швецияда такси жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті

Швецияның Бурленге қаласында такси жүргізушісі бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Оқыс оқиға түнде шаһардың адамдар көп жүретін көшелердің бірінде болған. Көлік жүргізушісі ұсталды. Полиция әзірге оқиғаны лаңкестік әрекет деп таныған жоқ. Бірақ куәгерлер күдікті адамдарды абайсызда емес, әдейілеп қақты деген пікірде.

Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы