425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Emirates әуе компаниясы COVID-19 жұқтырған жолаушылардың шығындарын өтеуге дайын

  • 325
  • UPD: 10:04, 26.07.2020
Emirates әуе компаниясы COVID-19 жұқтырған жолаушылардың шығындарын өтеуге дайын

Біріккен Араб Әмірліктерінің Emirates әуе компаниясы коронавирусты жұқтырып алған жолаушылардың емделу шығындарын өтейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарға қарағанда бірлестіктің ұшағымен сапарлап, дертке шалдыққан кез келген адам компаниядан 150 мың еуро көлемінде өтемақы талап ете алады. Және 2 апталық карантиннің әр күні үшін 100 еуро алуға құқылы. Бірлестік бұл арқылы саяхатшылардың халықаралық сапарларға сенімділігін арттыруды көздеп отыр. Шара биылғы жылдың 30 қазанына дейін қолданылады. Өтемақыны кез келген санаттағы жолаушы 31 күннің ішінде талап етуіне болады. Ал әуе компаниясы тамыз айынан бастап індетке байланысты тоқтатылған 62 бағыт бойынша рейстерін қайта жандандыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы