420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда шенеуніктер пандемиядан табыс таппақ болған

  • 268
  • UPD: 14:06, 26.07.2020

Өзбекстандық шенеуніктер коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қомақты қаржыны жымқырып, орасан зор байлыққа кенелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің төрт өңіріндегі Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың жетекшілері залалсыздандыру құралдарына арналған 200 мыңға жуық долларды қолды етті деп айыпталып отыр. Әндіжан, Наманған, Науаи және Қашқадария облыстарындағы мемлекеттік органдардың басшыларының әрқайсысы 16 мыңнан 90 мың долларға дейін қаражатты ұрлаған. Бұдан бөлек, Бас прокуратура қауіпті індеттің таралуына тосқауыл қоюға және азық-түлікке бөлінген ақшаны мақсатымен пайдаланбағаны үшін тағы жүзге тарта қылмыстық іс қозғап отыр.

Хаёт Шамсутдинов, Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы:

– Бүгінде коронавирусқа қарсы күреске, емге, дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарға бөлінген қаржыны мақсатымен қолданбағаны үшін 10 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге азық-түлікті сатып алып, оны жеткізуде қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактісі бойынша 87 қылмыстық іс қаралып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы