426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда соңғы тәулікте 51 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

  • 238
  • UPD: 20:37, 26.07.2020
Бразилияда соңғы тәулікте 51 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды фото: aa.com.tr

Бразилияда соңғы бір тәулікте тағы 51 мыңнан астам тұрғыннан вирус анықталды, хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, дертке шалдыққандардың саны 2 миллион 400 мыңға жуықтады. 86 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ал бұған дейін дерт жұқтырған осы елдің басшысы Жаир Болсонару жазылып шыққан. 65 жастағы президенттің кейінгі тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетіпті.

Еске сала кетейік, Болсонарудың COVID-19 жұқтырғаны жайлы алғаш ақпар 7 шілде күні тараған болатын.

Хабар 24 телеарнасы