431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың екі қаласында нәсілшілдікке қарсы шеру өтті

  • 267
  • UPD: 20:53, 26.07.2020
АҚШ-тың екі қаласында нәсілшілдікке қарсы шеру өтті bbc.com

АҚШ-тың екі қаласында нәсілшілдікке қарсы шеру өтіп, 1 адам опат болды, хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнешеуі жарақат алды. Адам өлімі Остин қаласындағы наразылық акциясы кезінде болған. Шерушілер көшеде ұрандатып бара жатқанда әлдекім көлікпен жанамалап келіп, бір кісіні атып кеткен. Қылмыскер көп ұзамай ұсталды.

Колорадо штатындағы Орора қаласында болған шеру кезінде де оқ атылды. Мұнда да жиылған жұртқа көлікпен келгендер килігіп, текетірес болған. Сөйтіп, 2 шеруші жараланды.

Хабар 24 телеарнасы