431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда карантин 15 тамызға дейін ұзартылды

  • 300
  • UPD: 10:13, 27.07.2020

Өзбекстанда карантин мерзімі ұзартылды. Шілденің 10-ы енгізілген қосымша шектеу шаралары тамыздың 15-іне дейін ұзартылатын болды.

Арнайы республикалық комиссия осындай шешім шығарды. Бүгінде көрші елде қала ішінде және өңірлер арасында көліктердің жүруіне шектеу қойылған. Сонымен бірге әуе және теміржол байланысы уақытша үзіліп отыр. Мәдени, ойын-сауық іс шаралары мен үйлену тойларын өткізуге болмайды. 65 жастан асқан қарттардың қоғамдық орындарда жүруіне рұқсат жоқ. Демалыс күндері жеке көліктің қатынауына тыйым салынған. Сондай-ақ сенбі-жексенбі күндері такси қызметі, азық-түлік емес дүкендер мен базарлардың жұмысы тоқтатылады. Қазіргі уақытта сән салондары, шаштараздар мен тамақтану орындары да жабық.

Азиз Абдухакимов, Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары:

- Өкінішке орай, коронавирус барлық өңірге таралып барады. Осыған байланысты Арнайы республикалық комиссия карантин шараларын тамыздың 15-іне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. қауіпті індетке осылай ғана тосқауыл қоя аламыз.

Хабар 24 телеарнасы