431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде су тасқынынан 16 адам ажал құшты

  • 291
  • UPD: 12:24, 27.07.2020
Йеменде су тасқынынан 16 адам ажал құшты

Йеменнің батысында болған су тасқыны кем дегенде 16 адамның өмірін қиды.

Ондаған ғимарат қирап, ауыл шаруашылық жерлерін су басып қалды. Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

«Соңғы 48 сағат ішінде Йеменнің батысындағы Ходейда мен Хаддж провинцияларында кем дегенде 16 адам нөсер жауын салдарынан туындаған су тасқынынан қаза тапты», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Ходейда провинциясында 13 адам, ал көршілес Хадджа провинциясында тағы үш адам апаттың құрбаны болған.

Хабар 24 телеарнасы