426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сиэтлде шерушілер полициямен қақтығысты

  • 243
  • UPD: 13:27, 27.07.2020
Сиэтлде шерушілер полициямен қақтығысты

АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы наразылық акциялар тыйылар емес. Көпшілік Сиэтл қаласының көшелеріне қайта шықты.

Әдеттегідей наразылық акция тәртіпсіздікке ұласты. Салдарынан белсенділер мен тәртіп сақшылары қақтығысып қалған. Ереуілдеушілер жолдағыны қиратып, өртеп, полицияға тас пен бөтелке лақтырған. Шамамен 60 тәртіп сақшысы түрлі жарақат алды. Елуден астам адам қамауға алынды. Полиция аймақтағы оқиғаны бүлік деп бағалап отыр.

Естеріңізге салайық, нәсілшілдікке қарсы акция мамыр айында афроамерикандық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталып әлі күнге дейін жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы