419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мекке зиярат етушілерді қабылдауды бастады

  • 283
Мекке зиярат етушілерді қабылдауды бастады

Зияратшылар қажылық рәсімдерін орындау үшін қасиетті Меккеге келе бастады. 

Осы жолы ұйымдастырушылар шараға  ерекше дайындалды. Оған коронавирус пандемиясы себеп. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аурудың алдын алу үшін жұмысшылар құлшылық ететін орындардың барлығын бірнеше рет зарарсыздандырып шықты.

Естеріңізге салайық, биыл жаһанды жайлаған індеттің таралуына байланысты қажылық рәсімдеріне қатысушылардың санын бір мыңға дейін шектелді.  Олардың 70 проценті Корольдікте тұратын шетел азаматтары болмақ. Қажылық сапарға келген әр адам міндетті түрде коронавирусты анықтайтын тест тапсыру керек.

Хабар 24 телеарнасы