Түркияда әскери қызметкерлер мінген автобус апатқа ұшырап, кем дегенде бес адам қаза тапты.
Оқиға салдарынан тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлады belta.by.
Жол апаты Түркияның Мерсин қаласының маңында болған. Автобус тасжолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.