425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Даймлер» көлік концерні 15 мың қызметкерін қысқартуы мүмкін

  • 305
«Даймлер» көлік концерні 15 мың қызметкерін қысқартуы мүмкін

Германияның «Даймлер» автокөлік құрастырушы концерні 15 мың қызметкерін жұмыстан шығаруы мүмкін.

Бұл туралы «Хандельсблат» басылымы хабарлады. Пандемияның өршуінен компания шығынға батып, қомақты қаржыдан қағылып отыр. Соңғы 3 айда 541 мың көлік сатылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 процентке аз. Жағдай тек жыл соңында оңалуы мүмкін, дейді мамандар. Сонымен қатар басылымның мәліметінше, биыл Rolls-Royce компаниясының Берлин мен Франкфурттегі мыңға жуық қызметкері жұмысынан айырылуы мүмкін. Сарапшылар коронавирустың екінші толқыны болса, елдегі кәсіпорындар жаппай банкротқа ұшырайды дейді.

Рольф Бюркл, сарапшы:

- Германия экономикасының қалыпқа келуіне бірнеше фактор кедергі келтіруі мүмкін. Алғашқысы індеттің екінші толқыны. Әзірге ондай қауіп жоқ. Дегенмен, мұны жоққа шығаруға болмайды. Қазір тұрғындардың жазғы демалысқа аттанғаны белгілі. Тағы бір фактор, компаниялар алдағы уақытта банкротқа ұшырауы ықтимал деген болжам бар. Бұл қызметкерлер арасында алаңдаушылық пен үрей тудырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы