420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мельбурндегі карантин ұзартылады

  • 217
  • UPD: 16:12, 27.07.2020

Австралияда коронавирус індеті дендеп барады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Виктория штатында бір тәулікте Ковид-19 жұқтырғандардың саны 500-ден асты.

Жергілікті билік халықтың қатаң шектеу ережелеріне немқұрайлы қарағанын айтып, Мельбрундағы карантин режимін тағы 6 күнде ұзартпақ. Ал Виктория штатының премьер-министрі Дэниэл Эндрюс ауру белгілері бар науқастардың үйлерінде оқшауланудың орнына жұмыстарына барып жүргендерін қатаң сынға алды. 

Дэниэл Эндрюс, Виктория штатының премьер-министрі:

- Инфекцияға шалдыққан адамдар ауру белгілері бола тұра жұмыстарына барып жүр екен. Маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты, гигиенаны сақтаса да аурудың таралу қаупі жоғары.

Хабар 24 телеарнасы