Картинаның түпнұсқасы 185 мың еуроға өткен. Францияның Канн қаласында ұйымдастырылған бәссаудада оны бразилиялық коллекционер сатып алды.
Олимпиада жалауының суретін Пьер де Кубертен осыдан 100 жылдам астам уақыт бұрын салған. Ондағы 5 сақина Еуропа, Азия, Африка, Австралия және Американы білдіреді. Айта кетейік, Олимпиада ойындарының негізін қалаушы Пьер де Кубертен осы басты спорттық доданың манифестінің де авторы. Оның түпнұсқасы былтыр шамамен 9 миллион долларға сатылған еді.