426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арктикада ауа температурасы рекордтық деңгейде жоғарылады

  • 324
  • UPD: 15:48, 27.07.2020
Арктикада ауа температурасы рекордтық деңгейде жоғарылады

Ғалымдар Солтүстік полюстен 1300 шақырым жерде орналасқан Шпицберген арктикалық архипелагында метеорологиялық бақылау тарихындағы ең жоғары температураны тіркеді.

Бұл туралы AFP Норвегия метеорологиялық институтына сілтеме жасап хабарлады.

«25 шілде күні кешке Шпицбергенде 21,7 градус температура тіркелді, бұл 1979 жылы орнатылған рекордтық көрсеткіштен 0,5 градус жоғары», - делінген хабарламада.

Архипелагтағы температураның жоғарылауына жылу толқыны себеп болғандығы айтылған. Әдетте бұл кезеңде ауа температурасы 8 градустан аспайды.

Норвегиялық метеорологтардың мәліметінше, 1971 мен 2017 жыл аралығында Шпицбергендегі ауа температура 3-5 градусқа көтерілген.

Хабар 24 телеарнасы