426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда балабақшаға балалар екі аптада бір рет келуіне болады

  • 273
  • UPD: 17:54, 27.07.2020
Индонезияда балабақшаға балалар екі аптада бір рет келуіне болады

Полиэтиленмен қоршалған парталар, онлайн курстар, қашықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индонезия балабақшалары осындай әдіспен білім беруге көшкен. Мәселен, 136 оқушысы бар балабақшада күніне алты бала сабаққа келеді екен. Оның әрқайсысы жеке қоршалған үстелдерде отырады. Бала ата-анасымен келуі керек және міндетті түрде қорғаныш құралдары болуы қажет. Бұл қоршалған парталар күнделікті залалсыздандырылып тұрады. Осылайша, әрбір оқушы екі аптада бір мәрте балабақшаға келуіне болады. Ал қалған күндері онлайн-форматта оқиды. Сондай-ақ ата-аналарына балаларға көмектесу үшін арнайы әдістемелік оқу құралдары тапсырылған.

Ата-ана:

– Балаларымыз екі аптада бір рет балабақшаға келіп тұратыны қуантады. Өйткені 4 ай бойы онлайн-бағдарлама арқылы білім алды. Балалар достарын, ұстаздарын көргісі келеді.

Хабар 24 телеарнасы