432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістандық кәсіпкер онлайн форматта құрбандық шалатын сайтты іске қосты

  • 299
Пәкістандық кәсіпкер онлайн форматта құрбандық шалатын сайтты іске қосты

Онлайн форматта құрбандық шалу. Пәкістанда Акиб Мухал есімді жас кәсіпкер эпидемия жағдайында осындай қызмет түрін көрсететін сайтты іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни кез келген адам ол порталға кіру арқылы құрбандық шалуға қажет малдың түрін, түсін, салмағын таңдай алады. Тұтынушыға қажетті мінездеме, фотосуреттерімен бірге жіберіледі. Сондай-ақ қызмет түріне малды сойып, мұқтаж жандарға тарату да кіреді. Сондай-ақ құрбандық шалу барысына онлайн байланыс арқылы үйден шықпай көріп, кейін фото есебін де алуға болады. Пәкістанда коронавирусты жұқтырғандар саны 274 мыңға жетті. 5842 науқас кеселден көз жұмды.

Акиб Мухал, кәсіпкер:

– Бұл жобаны елімізде Ковид-19 індеті өршіп тұрған соң іске қостық. Яғни тұрғындар қауіпсіздігі үшін үйден шықпай ақ құрбан шалуға қажетті малды таңдай алады. Осылайша исламдағы парызын интернет арқылы орындауына болады.

Хабар 24 телеарнасы