426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнам үкіметі Дананг қаласынан 80 мың туристті эвакуацияламақ

  • 228
  • UPD: 23:04, 27.07.2020

Бұған жергілікті үш тұрғынның коронавирус жұқтыруы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенбі күні 57 жастағы жергілікті тұрғынның қауіпті дертті жұқтырғаны анықталған. Ол соңғы бір айда қаладан тысқары жерге шықпаған екен. Бұл 16 сәуірден бері ел аумағында болып тұрған алғашқы дерек. Бұдан кейін коронавирус 17 жастағы бозбала мен 71 жастағы кейуанадан анықталды. Қазір шаһарда қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Енді ел аумағына тынығуға келген 80 мың туристі шығару көзделіп отыр. Ол үшін 4 күндей уақыт керек. Қазір жергілікті әуе компаниялары Данангтан Вьетнамның өзге қалаларына күніне 100 шақты рейс жасайды. Айта кетейік, Вьетнам коронавирус індетін жылдам еңсерген аз ғана елдің бірі еді. Бұл елде жұқтырудың небәрі 420 дерегі тіркеліп, олардың бәрі жазылып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы