429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерге алып астероид жақындап келе жатыр – NASA

  • 505
  • UPD: 10:50, 28.07.2020
Жерге алып астероид жақындап келе жатыр – NASA

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) Жерге диаметрі 84 м-ден 190 м-ге дейінгі аралықтағы астероидтың жақындап қалғаны туралы ескертті.

NASA-ның хабарлауынша, 2009 PQ1 деп аталатын астероид 5 тамызда Жерге барынша жақындайды. Ол біздің планетамыздың қасынан 13,4 км/с жылдамдықпен 3,2 млн км қашықтықта ұшып өтеді.

Астероид 2009 жылдың 14 тамызында ашылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы