421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде бір тәулікте 250 мың адамнан COVID-19 анықталды

  • 254
  • UPD: 13:04, 28.07.2020
Әлемде бір тәулікте 250 мың адамнан COVID-19 анықталды

Әлемде бір күнде тағы 250 мың адамнан коронавирус анықталды, хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі осындай. Осылайша, пандемия басталғалы бері вирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асып отыр. 640 мыңы қауіпті кеселден көз жұмды. Инфекция анықталғандар саны бойынша алдыңғы үштікте – АҚШ, Бразилия және Үндістан. Қазір экономиканы қалпына келтіру үшін шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіліп жатыр. Осы орайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары «тұрғындар ескертулерге құлақ асып, сақтық шараларын қатаң ұстанулары қажет» дейді.

Мария Ван Керкхов, ДДСҰ сарапшысы:

- Арақашықтықты сақтау және маска тағу – өте маңызды. Тұрғылықты мекенде, жұмыс орнымызда, саяхатқа баратын аймақта вирустың қасымызда екенін ұмытпау керек. Яғни, енді індеттің таралуының алдын алу мен қалыпты өмірге оралу арасындағы балансты сақтау қажет.

Хабар 24 телеарнасы