420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамның Дананг қаласында ішкі әуе қатынасы тоқтады

  • 226
  • UPD: 15:51, 28.07.2020
Вьетнамның Дананг қаласында ішкі әуе қатынасы тоқтады

Бұған аймақтағы коронавирус індетінің ушығуы себеп, хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұшақтар 15 күн бойы сапарға шықпайды. Сонымен қатар жол-көлік қатынасы да шектелді. Қазір Дананг қаласындағы туристер өзге жерлерге жайғасып жатыр.

Айта кетейік, елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 431-ге жетті. Қайтыс болғандар туралы деректер тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы