431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия тұрғындары жағажайлар мен жағалау маңында маска тағуға міндеттелді

  • 207
  • UPD: 11:32, 29.07.2020

Тәртіпке бағынбағандарға 250 еуро айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы аптада елде науқастар саны 70 процентке көбейген. Қазір мұнда күніне 300-ден астам адамнан инфекция анықталады. Соңғы мәлімет бойынша, корольдікте коронавирусты 66 мыңнан астам адам жұқтырған. Індет қайта өршіген Антверпен қаласында коменданттық саған енгізілді. Тұрғындарға түнгі 11 жарымнан таңғы сағат 6-ға дейін далаға себепсіз шығуға болмайды. Ал мейрамханаға келушілердің барлығы электрондық пошта адресін немесі телефон нөмірін қалдыруға міндетті.

Тереса Ди Пауло, турист:

– Мен маска тағып жүруге қарсы емеспін. Бірақ алдағы уақытта қалай болады деген сұрақ мені алаңдатады.

Софи Стю, турист:

– Коронавирусқа байланысты шетелге шықпадық. Демалысты ел аумағында өткізіп жатырмыз. Теңізге барып, келесі күні Арденн тауларына аттанармыз. Алдын ала жоспар құрмадық.

Хабар 24 телеарнасы