429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: БҰҰ мәлімдеме жасады

  • 314
COVID-19: БҰҰ мәлімдеме жасады

БҰҰ тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың 90% жуығы – қала тұрғындары. Бұл жайт қалалардың құрылымына өзгеріс енгізу керек екенін айқындап берді. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, әлемдік ЖІӨ-нің 80% мегаполистер қамтамасыз ететіндіктен, эпидемия салдарынан шаһарлардың экономикасы орасан шығынға батқан. Ал әлеуметтік теңсіздікті азайту, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту және тұрақты дамуды қолдау сияқты шаралар дағдарыс тұзағынан шығып, оны еңсеруге мүмкіндік береді дейді ол.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Алдымен әлеуметтік жағдайы әлжуаз топтағыларға көңіл бөлу керек. Оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тиіспіз. Сумен қамту мәселесін және санитарлық ережелердің орындалуын да назарда ұстау қажет. Қала қалпы мен құрылымын өзгертетін уақыт жетті. Алдағы уақытта осындай жағдайларға әзір болу керек.

Хабар 24 телеарнасы