431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: COVID-19 маусымдық індет емес

  • 198
  • UPD: 15:18, 29.07.2020
ДДСҰ: COVID-19 маусымдық індет емес

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус маусымдық індет емес дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымның ресми өкілі Маргарет Харрис тілшілерге берген сұхбатында індеттің өршуі жыл мезгіліне байланысты болмайтынын хабарлады. Сондықтан аурудың бірнеше толқыны болуы мүмкін емес. Бір айтары, дерт кейде өршіп, кей кездері бәсеңсуі ықтимал. Осыған орай ұйым өкілі шектеу шаралары жеңілдетілгеннің өзінде де қауіпсіздік мақсатында карантиннің талаптарын орындап отырудың маңыздылығына тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы