420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латын Америкасы елдерінің экономикасы құлдырауы мүмкін

  • 225
  • UPD: 15:19, 29.07.2020
Латын Америкасы елдерінің экономикасы құлдырауы мүмкін

Пандемия салдарынан Латын Америкасы елдерінің экономикасы ауыр жағдайға тап болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америкааралық даму банкінің дерегінше, індеттің кесірінен мемлекеттердің қарызы көбейіп, жұмыссыздық жайлаған. Мамандар биыл аймақтың ЖІӨ 8-10 процентке төмендейді деп болжап отыр. Венесуэладағы дағдарыс та тағы ушыға түсетін сыңайлы. Дегенмен қаржы ұйымы Каракаска несие бере алмайды. Себебі бұл елдің берешегі қазірдің өзінде 700 миллион долларға жетіп қалған.

Луис Альберто Морено, америкааралық даму банкінің басшысы:

– Венесуэланың қарызы тым көп болғандықтан, біз көмектесе алмаймыз. Банк ережелері сондай. Әзірге бұл мәселенің шешімі табылған жоқ. Ел мұнай қоры бойынша әлемде бірінші орында. Яғни экономиканы қайта қалпына келтіруге мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы