423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирус жұққандар саны артып барады

  • 286
  • UPD: 10:15, 30.07.2020

Қытайда бір күнде 101 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 27-сінде сырқат белгілері байқалмаған.

Қытай Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті осылай хабарлады. Бұл соңғы айлардағы ең жоғары көрсеткіш. Науқастардың дені Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының тұрғындары. Гонконг арнайы әкімшілік ауданында да вирус жұқтырғандар қатары артып барады.

Соңғы мәліметке сәйкес, онда 100-ден астам адамнан инфекция анықталған. Індеттің қайта өршуіне алаңдаған Бейжің билігі Далянь және Үрімші қалаларынан келетін азаматтарды медициналық бақылауға алмақ. Сонымен қатар тұрғындарға бұл өңірлерге бармауға кеңес берілді.

Хабар 24 телеарнасы