428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия коронавирус вакцинасын сынаудың ақырғы кезеңіне жетті

  • 181
  • UPD: 09:30, 30.07.2020
Германия коронавирус вакцинасын сынаудың ақырғы кезеңіне жетті

Германияда коронавируске қарсы вакцина сынамасының соңғы кезеңі басталды.

Немістердің «Бионтек» компаниясы серіктестік орнатқан американдық Майнц фирмасымен бірге препаратты сынаудың екінші және үшінші кезеңіне рұқсат алды. Ол үшін компаниялар 18 бен 85 жас аралығындағы 30 мың ерікті жинауы қажет. Тестілеу Германия, АҚШ, Аргентина, Бразилия елдерінде өтеді. Барлығы 120 орталық ашылмақ. Егер сынама нәтижесі сәтті аяқталса, қазан айында препаратты өндіруге рұқсат берілуі мүмкін. Алдын ала жоспар бойынша жыл соңына дейін 100 миллион доза шығарылады.

Айта кетейік, Германияда соңғы тәулікте 684 адамнан коронавирус анықталды. Бұл өткен аптамен салыстырғанда айтарлықтай жоғары статистика. Дәрігерлер тұрғындарды әлеуметтік қашықтық сақтап, қорғаныш құралдарын тағуға шақырды. Мамандар «міндетті бетперде режимі бірнеше айға созылады» деп отыр. Саясаткрелер болса, вакцина әзір дайын болмайтынын айтады.

Аня Карличек, ГФР білім министрі:

- Біз бір сиқыр болады деп күтпеуіміз керек. Тұрғындар жаппай вакцинаны келер жылдың ортасына дейін алмайтыны анық. «Майнц», «Бионтек» пен «Кьюрвек» компаниялары Тюбинген қаласында препарат ойластырып жатыр. Дессауда басқа технология бойынша тағы бір компания вакцина шығармақ ниетте. Бүгінгі таңда бастысы, халықаралық деңгейде бірліктің болуы. Вакцинаны тез әрі көп көлемде алу үшін жұмыс бірнеше бағытта өрбуі керек.

Хабар 24 телеарнасы