424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аризонада жанғыш зат тиелген пойыз рельстен шығып кетті

  • 207
  • UPD: 09:48, 30.07.2020
Аризонада жанғыш зат тиелген пойыз рельстен шығып кетті

 АҚШ-тың Аризона штатында теміржол апаты болды. Болжам бойынша көпір үстінен өтіп бара жатқан пойыз шойын жолдан шығып кеткен.

Апат орынында өрт шықты. Одан шыққан қою қара түтін жақын маңдағы аудандарды басып алған. Ақпарат көздері түтіннен 1 адам зардап шеккенін хабарлады. Аймақта қауіптілік деңгейі әлі де жоғары. Белгілі болғандай пойыз құрамына жанғыш сұйықтық пен сүрек тиелген. Оқиға орнына жүзден астам өрт сөндіруші мен арнайы техника жұмылдырылды. Ал апатқа қатысты тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы