420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік туризм 273 млрд еуро шығынға ұшырады

  • 369
  • UPD: 09:41, 30.07.2020
Әлемдік туризм 273 млрд еуро шығынға ұшырады

Коронавирус пандемиясы салдарынан әлемдік туризм саласы мамыр айынан бері 273 миллиард еуро көлемінде шығынға батты.

Бұл туралы Дүниежүзілік туристік ұйымның ресми өкілі мәлімдеді. Сондай-ақ келтірілген статистикаға сай осы уақыт аралығында туристер саны 300 миллионға қысқарған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 56 процентке төмен деген сөз. Тіпті 2009 жылғы қаржы дағдарысымен салыстырғанда бұл үш есеге көп шығын. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы әлемдік әуе тасымалы бұрынғы қалыпқа тек 2024 жылы оралады деп отыр. Сарапшылар болса дағдарыстан көбінесе дамушы елдер зардап шегеді деген болжам жасады. Ал кеселдің екінші толқыны мен шекара шектеулерін ескерсек, туризм саласы жақын арада қалыпқа келе қоймайды дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы