423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда әлеуметтік желіде бір млн астам қолданушысы барлар кеңсе ашуға міндетті

  • 212
  • UPD: 10:21, 30.07.2020
Түркияда әлеуметтік желіде бір млн астам қолданушысы барлар кеңсе ашуға міндетті

Бір миллионнан астам қолданушысы бар әлеуметтік желілер Түркияда кеңсе ашуға міндетті.

Әйтпесе әлемдік компанияларға айыппұл салынып, жұмысы шектеледі. Бұл туралы парламентте өткен мәжіліс отырысында белгілі болды.

9 тармақтан тұратын заңға сәйкес, кеңсенің басшысы түрік азаматы болуы тиіс. Сондай-ақ түрік билігінің қорлау және жала деп тапқан хабарламалары, сот шешімімен 48 сағаттың ішінде жойылуы керек. Мұнда да талап орындалмаған жағдайда қаржылай жаза, одан әрі әлеуметтік желілердегі трафигі 95%-ға дейін қысқартылады. Бұдан бөлек заң түрік азаматтарының барлық деректерін ел аумағында сақтауды талап етеді.

Айта кеткен жөн, аталмыш заң жобасына қатысты ел халқының пікірі екі түрлі. Бірі қолдаса, екіншісі қарсы. Дегенмен, мәселеге қатысты пікірталастар басталғалы бірқатар саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер мен азаматтар әлеуметтік парақшаларын жапты қолданбай қарсылығын көрсетті. Дей тұра, әлеуметтік желідегі парақшалар қазірде хабарламалар бойынша бірінші дерек көзі. 

Жахит Өзкан, әділет және даму партиясы өкілі:

- Заң жобасы әлемдік нормаларға сәйкес жасалды. Ереже арқылы азаматтарымыздың жеке басы құқығы мен бостандығы, жеке өміріне қатысты қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Барлық әлеуметтік медиа белгілі тәртіппен жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы