426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та атыстан үш адам көз жұмды

  • 208
  • UPD: 12:23, 30.07.2020
АҚШ-та атыстан үш адам көз жұмды © AP Photo / AJ Mast

АҚШ-тың Миссури штатына қарасты Сент-Луис қаласында атыс кезінде үш адам қаза тапты.

Бұл туралы полицияға сілтеме жасай отырып St. Louis Post-Dispatch басылымы хабарлайды.

Атыс туралы хабар полицияға жергілікті уақытпен 14:00-де келіп түскен.

Полиция өкілі Мишель Уидингтің хабарлауынша, үш адам оқиға орнында көз жұмып, тағы бір адамның аяғы жарақаттанған.

Әзірге атысқа не себеп болғаны белгісіз.

Оқиға орнынан қару тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы