418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда карантин тәртібі тамыздың соңына дейін ұзартылды

  • 77
  • UPD: 18:12, 30.07.2020

Колумбия президенті Иван Дуке Маркес карантин тәртібін тағы бір айға, тамыздың соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі шектеу шаралары сегізінші рет ұзартылып отыр. Президенттің мәлімдеуінше, ауруды жұқтыру көрсеткіштері төмен өңірлерде біртіндеп дүкендер мен кәсіпорындар ашыла бастайды. Ал барлар, түнгі клубтар, театрлар мен ойын-сауық орындары бүкіл ел аумағында жабық болады. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Колумбияда COVID-19 індетіне 267 мың адам шалдығып, 9 мыңнан астамы қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы