426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

  • 156
  • UPD: 18:14, 30.07.2020

Қазір вирус жұқтырғандар саны едәуір азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәліметке қарағанда, елде бір тәулікте 308 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Індетке шалдыққандардың жалпы саны 38 мыңға таяды. Арменияда наурыз айында төтенше жағдай режимі енгізілген. Ол екі аптадан кейін аяқталуы тиіс. Мамыр айынан бері тұрғындар маска тағып жүруге міндеттелді. Ережені елемегендерге айыппұл салынады.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

– Арменияда жағдай оңалып келеді. Қабылданған шаралар ахуалдың жақсаруына сеп болды. Әсіресе, қоғамдық орындарда маска тағып жүру ережесі тиімділігін көрсетті.

Шілденің басында елде коронавирус жұқтырғандар саны 29 мыңға жуықтаған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, індеттің шарықтау шегі осы уақытта болған.

Арсен Торосян, Арменияның денсаулық сақтау министрі:

– Қазір ауруханада орын жетіспеушілік мәселесі жоқ. Палаталарда да, жансақтау бөлімшелерінде де орын көп. Енді төсек-орындар қорын біртіндеп азайта бастаймыз. Әрине, індет қайта өршісе, олар 1-2 күнде дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы