424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда онлайн құрбандық шалуға сұраныс артқан

  • 200
  • UPD: 21:03, 30.07.2020
Индонезияда онлайн құрбандық шалуға сұраныс артқан

Әлем елдерінің мұсылмандары ұлық мереке – Құрбан айтқа қызу дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күндері Индонезияда онлайн мал саудасы қыза түскен. Биыл пандемияға байланысты елдің денсаулық сақтау министрлігі діни мереке кезінде базарға көп адамдар жиналады деп алаңдаған. Барлық фермер вирусты жұқтырып алмас үшін саудасын интернет платформаға ауыстырды. Мәселен, Азми Абдул есімді кәсіпкер 2018 жылы онлайн мал сату парақшасын іске қосқан. Өткен екі жылмен салыстырғанда биыл екі аптада саудасы 50 процентке өскенін айтады. Бүгінге дейін 15 мың дана қой сатып үлгеріпті. Айта кетейік, жаһанда коронавирустың дендеуіне байланысты биыл құрбандық шалу онлайн платформаға ауысқан болатын. Яғни мұқтаж жандар әр ел көрсеткен сайтқа өтінім беріп, ет ала алады. Ал құрбандық шалғысы келетіндер малдың түр-түсін онлайн таңдап, ақшасын төлесе болғаны.

Азми Абдул, кәсіпкер:

– Онлайн сауда бүгінгідей жағдайда қауіпсіз құрбандық шалуға таптырмас мүмкіндік. Қазір тұрғындар індетті жұқтырып алам ба деп тіпті көшеге шықпайды. Сол үшін біздің қызметіміз өте ыңғайлы болды. Интернет арқылы сатып алушы керегін табады. Малдың фотосын жіберіп, салмағы, түр-түсі туралы мәлімет бере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы