429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда коронавирус өршіп тұр

  • 201
  • UPD: 22:44, 30.07.2020

Бразилияда коронавирус індеті дендеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте бұл елде бұл дертті жұқтырған 70 мыңнан аса адам анықталды. Бір жарым мыңнан астам науқас көз жұмды. Бұл – індет басталғалы елде тіркеліп отырған ең жоғары көрсеткіш. Еске салып кетсек, Бразилия жұқтыру саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. 4 ай бойы карантин тәртібін сақтаған Бразилия үкіметі елге құрлық және теңіз арқылы кіруге салынған тыйымның мерзімін тағы бір айға ұзартты. Қазір бұл елге тек ұшақтармен жетуге болады.

Хабар 24 телеарнасы