АҚШ-тың Флорида штатына «Исайяс» атты тропикалық дауыл жақындап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы осы елдің дауылдарды бақылау ұлттық орталығы хабарлайды. Мамандар желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткенін айтады. Қазір дауыл Пуэрто Рико маңайында ойран салып, Құрама Штаттарға қарай бет алды.
Жуырда Пуэрто Рико билігі аймақта төтенше жағдай режимін жариялады. Аралдың Ұлттық ұланы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Құтқарушылар да жергілікті тұрғындарға сақ болуды ескертті. Апаттан зардап шеккендер мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.