432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Трамп сайлауды кейінге қалдыруды қаламайды

  • 273
  • UPD: 11:55, 31.07.2020
Д.Трамп сайлауды кейінге қалдыруды қаламайды Новости Mail.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау уақытының кейінге шегерілуін қаламайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ол баспасөз конференциясында мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, өзінің twitter-дегі жазбасында сайлаудың пошта қызметі арқылы өткізілуінің кемшіліктері туралы айтқысы келген.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Сайлауды кейінге қалдырғым келмейді. Саяси доданың қарашада өткенін қалаймын. Алайда қорытындысын 3 ай күткім келмейді. Пошта арқылы жіберілген бюллетеньдер жоғалып кетуі де мүмкін. Халыққа осыны түсіндіргім келді.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында саяси науқанның өту мерзімін кейінге шегеру мәселесін қарастыруды ұсынған болатын. Алайда сарапшылардың пайымынша, сайлаудың уақытын өзгерту мүмкін емес. Саяси дода 3 қарашаға белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы