431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда онлайн құрбандық шалуға сұраныс артқан

  • 206
  • UPD: 11:22, 31.07.2020
Индонезияда онлайн құрбандық шалуға сұраныс артқан

Әлем елдерінің мұсылмандары да ұлық мереке – Құрбан айтқа қызу дайындықты бастап кетті, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күндері Индонезияда онлайн мал саудасы қыза түскен. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі діни мереке кезінде базарға көп адамдар жинала ма деп алаңдап, мал саудасын интернет платформаға ауыстырды.

Айта кетейік, көптеген елде коронавирустың дендеуіне байланысты биыл құрбандық шалу интернет желісі арқылы өтіп жатыр.

Азми Абдул, кәсіпкер:

- Онлайн сауда бүгінгідей жағдайда қауіпсіз құрбандық шалуға таптырмас мүмкіндік. Қазір тұрғындар індетті жұқтырып алам ба деп тіпті көшеге шықпайды. Сол үшін біздің қызметіміз өте ыңғайлы болды. Интернет арқылы сатып алушы керегін табады. Малдың фотосын жіберіп, салмағы, түр-түсі туралы мәлімет бере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы