430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда Құрбан айтқа қызу дайындық жүріп жатыр

  • 319
  • UPD: 12:25, 31.07.2020
Ауғанстанда Құрбан айтқа қызу дайындық жүріп жатыр

Ауғанстан тұрғындары эпидемияға қарамастан Құрбан айтқа қызу дайындалып жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Базар адамға лық толы. Мерекелік дастарханға азық-түлік пен жеміс-жидек алған жұрт санитарлық норманы ұмытқан. Әлеуметтік қашықтық түгілі, көбісі бетперде тақпаған. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі жағдайдың тұрақталғанын айтады. Дегенмен, тұрғындардың санитарлық норманы алдағы екі ай бойы сақтауы қажет. Сонда ғана вирустың таралуын тоқтатуға болады.

Айта кетейік, Ауғанстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 35 мыңнан асты. Мыңнан астам науқас кеселдің құрбанына айналды.

Экономиканы ойлап, билік өкілдері жақында шектеу шараларын жеңілдетті. Дегенмен, мектеп пен университеттер әзірге жабық. Меккеге құлшылыққа баруға да тыйым салынды. Биыл 30 мыңдай ауғанстандық тұрғын Сауд Арабиясындағы мешітке баруды жоспарлаған екен.

Акмаль Самсор, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

- Құрбан айт кезінде тұрғындар санитарлық нормаларды сақтамаса, коронавирус қайта өрши түсуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар карантин талаптарын ұмытпау керек.

Абдул Рашид, жергілікті тұрғын:

-  Біз мұсылмандардың ең ұлық мерекесіне дайындалып жатырмыз. Қажетті азық-түлікке шыққан жұртты арақашықтық сақтауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы