432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияның жалпы ішкі өнімі 10%-ке құлдырады

  • 459
  • UPD: 12:42, 31.07.2020
Германияның жалпы ішкі өнімі 10%-ке құлдырады

Германияның жалпы ішкі өнімі осы жылдың екінші тоқсанында 10%-ке төмендеді, хабарлайды «Хабар 24».

Бұндай экономикалық құлдырау елде 1970 жылдан бері алғаш рет болып отыр. Бұған коронавирус пандемиясы себеп. Сарапшылардың айтуынша, жағдайдың тұрақталу үшін бірнеше жыл қажет. Қазір елдегі ірі концерндер орасан зор шығынға батуда. Мысалы, Volkswagen автоөндіруші компания 1,4 млрд еуро, ал Deutsche Bahn компаниясы 3,7 млрд еуро шығынға батты. Халықты жұмыспен қамту мәселесі де өзекті. Германиядағы жұмыссыздықтың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ке артқан. Қазір елде 2 млн 900 мың адам екі қолға бір күрек таба алмай отыр. Жұмыссыз отырған әрбір бесінші тұрғын коронавирус індетінің белең алуынан нәпақасынан айырылған екен.

Даниэль Терценбах, Германия федералдық агенттігінің еңбек мәселесі бойынша өңірлік директоры:

- Жұмыс уақытын қысқарту арқылы миллиондаған орынды сақтап қалдық. Бір жағынан бұл жақсы жаңалық. Қаржы дағдарысынан шығу үшін әрі нарықты қалпына келтіру үшін тырысып бағудамыз. Бір өкініштісі, еңбек нарығындағы пандемияның салдарын әлі біраз уақыт сезетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы