423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASА Марс бетімен жүруге арналған аппаратты ұшырды

  • 231
  • UPD: 13:12, 31.07.2020
NASА Марс бетімен жүруге арналған аппаратты ұшырды

Канаверал мүйісінде орналасқан ғарыш айлағынан NASА-ның Марс бетімен жүруге арналған аппараты ұшырылды, хабарлайды «Хабар 24».

«Персеверанс» деп аталатын құрылғыны қызыл планетаға Американдық «Atlas V» зымыран-тасығышы жеткізеді. Бұл миссияның басты мақсаты – Марстағы ежелгі тіршілік жайын зерттеу. Жоспар бойынша бұл апарат қызыл планетаға 2021 жылдың 18 ақпанында жетуі тиіс. Зерттеу жұмыстары екі жылға жалғасады. Жобаның құны – 2,4 миллиард АҚШ доллары. Ғалымдар аппарат арқылы Марста 3,5 миллард жыл бұрын болған, кеуіп кеткен өзеннің түбін зерделемек. Ол жерден органикалық молекулаларды табу көзделген. Одан бөлек, құрылғы Жерге жіберу үшін Марстағы топырақ үлгілерін жинайды. Осы арқылы мамандар қызыл планетадағы ежелгі тіршілік тарихын зерттеуді көздеп отыр. Алдағы уақытта Марсқа шағын тікұшақты жеткізу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы