431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте Светлана Тихановскаяның жақтастары митингке шықты

  • 294
  • UPD: 16:31, 31.07.2020
Беларусьте Светлана Тихановскаяның жақтастары митингке шықты

Беларусьте президенттікке үміткер Светлана Тихановскаяның жақтастары митингке шықты, хабарлайды «Хабар 24».

Минскідегі Бангалор алаңындағы акцияға 60 мыңнан астам адам жиналған. Тихановскаяның саясаткер емес екенін және сайлауға түсуді ешқашан қарастырмағанын айтты. Сондай-ақ Минск маңында жекеменшік әскери компания сарбаздарының ұсталуына қатысы жоқ екенін атап өтті. Светлана Тихановскаяның күйеуі видеоблогер Сергей Тихановский екі ай бұрын қамауға алынған. Оған «полицияға күш көрсетті» және «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалды» деген айып тағылды.

Хабар 24 телеарнасы