432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио губернаторы төтенше жағдай жариялауы мүмкін

  • 252
  • UPD: 21:27, 31.07.2020

Токиода антирекорд. Соңғы тәулікте мұнда тағы 463 адамнан коронавирус анықалған.

Егер эпидемиологиялық ахуал түзелмесе, қала губернаторы төтенше жағдай жариялайтынын айтты. Юрико Койкэ тұрғындарды барлық қауіпсіздік шаралары мен санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

Айта кетейік, жалпы Жапония мемлекеті мамыр айының соңында вирустың беті қайтқанын айтып, елдегі төтенше жағдай режимін алып тастаған болатын. Бірақ соңғы айда кесел қайта өршіді. Вирус Токио ғана емес мемлекеттің бірнеше өңірінде аса жылдамдықпен тарап жатыр.

Айта кетейік, Жапонияда барлығы 35220 адамнан Ковид-19 анықталды. 1007 науқас кеселдің құрбаны болды.  

Юрико Койкэ, Токио губернаторы:

- Соңғы тәуліктің статистикасы кешегі күнмен салыстырғанда 100 науқасқа көп. Жағдай күннен күнге ушығып келеді. Егер ахуал тұрақталмаса вируспен күрес жолында қатаң шараларға көшеміз. Қалада төтенше жағдай жариялаймыз. Сондықтан тұрғындар барлық санитарлық норманы сақтап, қорғаныс құралдарын қолданып жүруі керек.

Хабар 24 телеарнасы