426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада аптап ыстық: туристер қонақүйден шыға алмай отыр

  • 210
  • UPD: 08:38, 01.08.2020
Еуропада аптап ыстық: туристер қонақүйден шыға алмай отыр Euronews

Ауа температурасы 40 градус целсийден асқан француздық Рона мен Изер аудандарында қауіптің қызғылт деңгейі жарияланды.

Дәл мұндай ыстық Атлант мұхиты жағажайында орналасқан Аквитания елді мекенінде де тіркелген. Бордо қаласындағы туристер күннің ыстығынан қонақүйден шыға алмай отыр. Көршілес Испанияда температура айтарлықтай жоғары. Бильбао қаласында 42 градус ыстық тіркелген. Мадридте сынап бағанасы осы сан төңірегінде. Ал Босния және Герцоговинада синоптиктертің айтуынша, көлеңке жердің өзі 41 градус целсийді құраған. Бұл осы жылдағы ең ыстық күн болып тіркеліпті. Мамандардың болжамынша, Еуропадағы ыстық келер аптада басылады. Тамыз айы салқын болады деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы